Бас имам Әзірбайжанның бас консулымен кездесті
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльчин Башир оглы мырзамен кездесті.
Кездесу барысында облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы туралы және оның тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы, сондай-ақ бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2022 жылы Әзірбайжан Республикасына ақпан айында орын алған Иран Ислам Республикасына сапары туралы айтып өтті.
Өз кезегінде бас консул Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің сәуір айының басындағы кездесуі туралы айтып,алдағы уақытта екі ел достығын одан әрі нығайту бағытында түрлі шараларды бірлесе атқаруға шақырды.