Бас имам «Әбу молда»мешітінде жұма уағызын жүргізді
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық «Әбу молда»мешітінде жұма уағызын жүргізіп,жамағатпен жұма намазын оқыды.
«Көршің жақсы болса-тынысың» тақырыбында жұма уағызын жүргізген облыс бас имамы қоғамның бірлігі әрбір адамның өз отбасы мүшелерімен, туыстарымен, көршілерімен бірлікте, жақсы қарым-қатынаста болуы арқылы жүзеге асатындығын,осы себепті де асыл дініміз көршілік ақыны ең маңызды ақылардың бірі деп үйрететіндігін айтып өтті.
Алла Тағала ақыретте біздерге пайғамбарлармен, шыншылдармен көрші болуымызды нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға тілектерімізді қабыл еткей!