blog Images

Бас имам «Әбіш қожа» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде жұма уағыз айтты.

«Кешірімді болсаң – жәннатқа жетесің» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа мұсылман адамның бойынан табылуы тиіс ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік екенін еске салып, осы қасиетке ие болған пенденің Алла Тағаланың сый-сияпатына бөленетінін айтып өтті.