«Ержан Хазірет» мешіті: «Бақытты жас отбасы» атты шара өтті
Халықаралық отбасы күніне орай Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде «Бақытты жас отбасы» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды.
Шараға психолог Гүлмира Әзірбайжанқызы, мешіт наиб имамдары Ғабит Әбдіғаппарұлы және Ержан Бахитжанұлы қатысты. Гүлмира Әзірбайжанқызы қатысушылар арасында сауалнама жүргізіп, арнайы тренинг жүргізді.