blog Images

«Ауызбіршілік – алынбас қамал» атты стол теннисінен турнир өтті

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Ауызбіршілік – алынбас қамал» атты стол теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында жүзеге асқан спорттық доданың әр ойыны тартысты өтті.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Оразалы Жұманұлы жеңіп алса, ІІ орын Серік Таңжарбайұлына, ал ІІІ орын Бекшеев Елдосқа бұйырды.