blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде «Жат ағымның алдын алу»тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа жат ағымдардың алдын алу мақсатында кезекті уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.

Шам мен құптан намаздарының арасында мешіттің бас имамы Юнус Қадірқұлұлы жамағатқа «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында дәстүрлі дінімізге кері әсерін тигізетін өзге де теріс ағымдардың түрлері, олардың ұстанымдары мен наным-сенімдеріндегі қателіктер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды теріс діни идеологиядан сақтандыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстану және діни сауаттылықты арттыру мәселелері қозғалды.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дініміздің дәстүрлі құндылықтарын сақтау жөнінде насихат айтылды.