blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде жамағатқа «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы таныстырылды

Қасиетті Рамазан айында Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа «Muftiyat»баспасынан жарық көрген «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітап таныстырылды.

Таныстырылым барысында мешіттің  ұстазы аталған кітаптың Рамазан айында жамағат үшін маңызы зор екенін айтып, оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен шариғи жауаптар қамтылғанын түсіндірді.

Шараның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, оразаға қатысты мәселелерді дұрыс түсіндіру.