blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

№12 «Кемел»мектебінің   оқушылары Атамекен ауылдық  «Ар-Рахман» мешітінде, сенбілік өткізіп, мешіт ауласын тазалауға атсалысты.

Сенбілік барысында мектеп оқушылары мешіт қызметкерлерімен бірге мешіт ауласын тазартып,ағаш түптерін ақтауға көмектесті.

Мешіт ұжымы белсенділік танытқан оқушыларға алғыс айтып, арнайы сыйлықтар табыстады. Жас ұрпақтың осындай игі әрекеттері қоғамда ізгі дәстүрлерді насихаттауға үлес қосады. Алла разы болсын!