«Ар-Рахман»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Игі шара барысында көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық ісін мешіттің әйел жамағаты ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады.
Шараның басты мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Көмек алған жандар қайырымдылыққа үлес қосқан барша жамағатқа алғыс білдірді.
