blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай«Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Бұл бастама мешіт жамағатының қолдауымен жүзеге асып, Рамазан айындағы сауапты амалдардың бірі ретінде өткізілді.