«Ар-Рахман»мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай рухани шара өтті.
Шараға ұстаз Сейтимова Жансая жетекшілік жасап, жиналған жамағатқа пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмір жолынан өнегелі насихаттар айтты.
Мәуліт отырысында әйел-қыздар жамағаты салауат айтып жарысып, пайғамбарымыздың өнегелі ғұмырын еске алды. Сонымен қатар, «Адамзаттың асыл тәжі» кітабына байланысты тест сұрақтары қойылып, емтихан алынды.
Игі шара қатысушылардың жүрегіне имани қуат беріп, Мәуліт мерекесінің рухани мәнін терең сезінуге мүмкіндік жасады.



