blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде «Бас имам сағаты»өтті

Қасиетті Рамазан айында Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» өтті.

Кездесу барысында мешіттің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Рамазан айының маңызы мен артықшылықтары туралы насихат айтып, ораза мен құлшылықтың сауабы жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы діни кеңестерін жеткізді.