blog Images

«Ар-Рахман» мешіті:»Тәжуид» сабағын аяқтаған шәкірттерге сертификат берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде «Тәжуид» сабағын аяқтаған шәкірттерге сертификат берілді.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында мешіт ұстазы Жансая Сейтимованың жетекшілігімен өткен «Тәжуид» сабағын аяқтаған 15  шәкірт сертификат беріліп,алғыс хаттармен марапатталды.