blog Images

«Ар-Рахман» мешіті:Республика күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мешітте  мұқтаж отбасылардың қалдырған өтініш  тізімімен Алла үйінің қызметкерлері  садақа еттерін жергілікті көп балалы, аз қамтамасыз етілген, жарымжан және жетім-жесір 30 отбасыға үлестірді.

Мешіт бас имамы  Қайрат Маманбаев көмек алған жандарды мерекемен құттықтап,Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық,отбасыларына береке тілеп, тыныштық тілеп, дұға жасады.