blog Images

«Ар-Рахман» мешітінің жамағаты Темір баба кесенесін зиярат етті

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты мен ақсақалдары ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Жаңаөзен қаласынан 85-90 км оңтүстік бағытта орналасқан Темір баба кесенесін зиярат етті.Зиярат барысында Темір баба кесенесі тарихымен танысып,ата-бабалар рухына Құран бағышталды.

Қорымда 200-ге жуық әр типті объектілер орналасқан. Ескерткіштер жоспарда домалақтау және тік бұрышты, өңделмеген тастан қаланған тас белгілер ие көлденең жатқызылған тастан қаланған тас қоршаулар, қойтастар, сандықтастар және жалғызды құлпытастар орналасқан. Қорымның батыс бөлігінде түркімендік қабірүсті құрылыстары шоғырланған, шығыс жақ бөлігінде сандықтас және қойтас түріндегі ескерткіштер орналасқан. Қорым орталығында зиярат етушілер жиі келетін әулие Темір баба қабірі орналасқан. Қабір басына сағанатам салынған.