blog Images

«Ар-Рахман» мешітінің имамы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Қайрат Қошкелдіұлы Маңғыстау 5 ауылындағы Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Қайрат Қошкелдіұлы мекеме қызметкерлеріне ата дініміз бен салт-дәстүріміздің терең тамырлы байланысының бар екендігін айтып, бұл екі ұғымның руханиятымыздың тірегі екендігін еске салды.