blog Images

Ар-Рахман мешітінің бас имамы Басқұдық ауылының әкімімен кездесті

РАНТ мүшесі, Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Басқұдық ауылының әкімімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында ауыл әкімі Нұрбол Базарбайұлымен өңірдегі діни ахуал жан-жақты талқыланып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және рухани бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлесіп жұмыс атқару арқылы ауыл халқының рухани сұранысына жауап беру бағытында ортақ жоспарлар жасалды.