blog Images

«Ар-Рахман» мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлы оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына имамдық қызметке тағайындалған Қайрат Қошкелдіұлын таныстырды.

Маманбаев Қайрат Қошкелдіұлы бұған дейін өңірімізге қарасты мешіттерде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, бірқатар Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болған білікті де білімді дін қызметкері.