blog Images

«Ар-Рахман» мешітіне 116 дана Құран кітабы тарту етілді

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітіне 116 дана қасиетті Құран кітабы сыйға тартылып, мешіт жамағатына пайдалануға берілді.

Қайырымдылық бастамасы аясында аталған Құран кітаптары Ар-Рахман мешітімен қатар, өзге де мешіттер мен діни білім беретін медреселерге үлестірілді.

Игі шараның негізгі мақсаты – мешіттер мен діни оқу орындарын қасиетті Құран кітаптарымен қамтамасыз ету, жамағаттың Құран оқуға деген ынтасын арттыру және діни білім алуға қолайлы жағдай жасау.

Қасиетті кітаптарды тарту ету – сауапты әрі ізгі амалдардың бірі. Аталған қайырымды істің сауабы дүниеден өткен марқұмның рухына бағышталды.