blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа Пәтуа сағаты өтті

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа Пәтуа сағаты өтті.

Шара барысында жамағатқа қасиетті Рамазан айына қатысты сұрақ-жауап форматында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Пәтуа сағатында оразаның үкімдері, парыздары мен шарттары кеңінен талқыланып, Рамазан айында жасалатын құлшылықтардың маңыздылығы жан-жақты баяндалды.

Сонымен қатар, күнделікті өмірде туындайтын діни мәселелерге нақты жауаптар беріліп, жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарға шариғат негізінде түсіндірме жасалды.