Ар-Рахман мешітінде жамағатпен спорттық сайыстар өткізілуде
Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінде әр аптаның сәрсенбі күні жамағат арасында футбол ойыны тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бұл игі бастама мешіт жамағатының бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Аталған спорттық шараға әртүрлі жастағы жамағат белсене қатысуда.
Сонымен қатар, мұндай басқосулар тек спорттық шара ғана емес, рухани және әлеуметтік байланыстарды күшейтетін маңызды алаңға айналып отыр. Жамағат арасында ынтымақ пен түсіністікті арттыруға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
