blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде Республика күніне орай игі шаралар өтті

Республика күніне орай Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы «Ар-Рахман» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бірқатар игі істерді жүзеге асырды.

Алдымен мешіт ауласында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, балаларға 50 дана мемлекеттік ту таратылып, мерекелік рух сыйланды.

Шара барысында Тәуелсіздік үшін шейіт болған ата-бабалардың рухына Құран бағышталып, ел амандығы мен бірлігінің баянды болуы тілегінде дұға жасалды.

Сонымен бірге, ауылдағы аз қамтылған 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.