Ар-Рахман мешітінде Құран сайысы өтті
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде Рамазан айының құрметіне Құран жарысы өтті.
Жарысқа қатысушы шәкірттер «Бүрж» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқып, сондай-ақ Бақара сүресінің алғашқы 10 бетін жатқа айту бойынша бақ сынады.
Жатқа оқу сайысында:
І орын – 50 000 тг
ІІ орын – 30 000 тг
ІІІ орын – 20 000 тг
Сонымен қатар, Құранды мәнерлеп оқу бойынша да үздік шыққан қатысушыларға 1-орыннан 5-орынға дейін арнайы сыйлықтар табысталды.
