«Ар-Рахман» мешітінде облыстық кітап байқауы өтті
Мұнайлы ауданы, Ар-Рахман мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әр-Рахиқ әл-Махтум» кітабы бойынша облыстық кітап байқауы өтті.
Аталған іс-шара Сейтимова Жансая және Абдырханова Рабия ұстаздардың ұйымдастыруымен өтті.Білім сайысына мешіттердің әйел шәкірттері қатысып,бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Есіркепқызы Ақбота
ІІ орын – Әбдәссаламова Дариға
ІІІ орын – Жолым Тілектес
Бас жүлде – қасиетті Умра сапарына жолдаманы Жайладова Нағима иеленді.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
