«Ар-Рахман» мешітінде «Намаз оқып үйренейік»дәрісі өтті
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа «Намаз оқып үйренейік»дәрісі өтті.
Оқу-ағарту бағыты аясында өткен дәрісті мешіт бас имамы Юнус Қадырқұлұлы жүргізіп,ханафи мәзһабы бойынша намаздың оқылу тәртібі теориялық әрі практикалық түрде түсіндірілді. Дәріс барысында намаздың парыз, уәжіп және сүннет амалдары кеңінен баяндалып, құлшылықтың дұрыс орындалуына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.
