«Ар-Рахман» мешітінде «Мүлк» сүресінен дәріс өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айында ,»30 күнге-30 аят» жаттау аясында «Мүлк «сүресінен дәріс жүргілілді.
Мүлк — отыз күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Хадисте ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Мүлк дүниенің азаптарына тосқауыл болады» дегенін жеткізді. Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Мүлк сүресі.
Сабақ жүргізген Мұратқали ұстазға алғыс айтылып, жамағатқа сый-сыйяпат жасалды.Алла тағала келесі Рамазан айына аман есен жетуді баршамызға нәсіп еткей!