Ар-Рахман мешітінде Мүлк сүресінен әжелер арасында жарыс өткізілді
Мұнайлы аудандық Ар-Рахман мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мүлік сүресінен әжелер арасында сайыс өтті.
Жарысқа мешіттегі белсенді әжелер қатысты. Қатысушылар өз білімдерін сынап,Құранды мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша:
1 орын – Джусибалиева Нураш
2 орын – Құлмахамбетова Сара
3 орын – Изтлеуова Жібек
4 орын – Кульчикаева Айсұлу
5 орын – Кучербаева Еркінай
Осы мәртебелі жеңімпаз апалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан басқа да апаларымызға олардың белсенділігі мен рухани ізденісі үшін алғыс хаттар табыс етілді.



