«Ар-Рахман» мешітінде «Берекелі отбасының сыры»тақырыбында семинар өтті
Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінің ұйымдастыруымен «Берекелі отбасының сыры» тақырыбында тағылымды семинар өтті.
Семинар спикерлері ретінде Түпқараған мешітінен Тағабекқызы Динар ұстаз, психолог маман Шарқатбаева Гүлмира және Ар -Рахман мешітінің ұстазы Қалбекқызы Жансая, Абдырханова Робия ұстаз қатысып, отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі және жанұядағы рухани үйлесім жайында мазмұнды ойларымен бөлісті
Шараға 40-қа жуық әйел-қыздар қатысып, отбасы тақырыбында пайдалы мәліметтер алып, өзара пікір алмасты.
Семинар барысында түрлі номинациялар табысталып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.


