Ар-Рахман мешітінде 7 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға азық-түлік таратылып, қажетті көмек көрсетілді.
Шараға мешіт жамағаты мен демеушілер атсалысып, мұқтаж жандарға қолдау білдірді. Бұл игі бастама қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған сауапты іс болды.