blog Images

Ар-Рахман мешітінде 20 түп ағаш отырғызылды

Ар-Рахман мешітінің ауласында көктем мезгіліне орай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт ауласына 20-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға мешіт жамағаты белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен көркейтуге өз үлестерін қосты.

Аталған шараның мақсаты – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мешіт аумағын абаттандыру болып табылады.