«Ар-Рахман» мешіті:«Бір күнде бір мұқтаж жанға көмек»қайырымдылық шарасы өтті
Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінің ұйымдастыруымен, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасы аясында қасиетті Рамазан айында «Бір күнде бір мұқтаж жанға көмек» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында мектеп оқушылары қайырымдылық мақсатында өз үлестерін қосып, арнайы азық-түлік салынған қораптарды дайындады. Жиналған қайырымдылық көмегі бір мұқтаж отбасыға табысталып, Рамазан айының мейірім мен жанашырлыққа толы рухы кеңінен насихатталды.
