blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Шәкірттер серуенге шықты

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының 100-ге жуық шәкірті үшін Ақтау қаласында орналасқан «Ақбота» саябағына серуен ұйымдастырылды.

Келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай «Ар-Рахман» мешітінің имамы Қайрат Қошкелдіұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара аясында балалар түрлі аттракциондарға мініп, біраз қызық көріп, ойнады.