blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Шәкірттер өзара жарысқа түсті

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттері арасында жарыс ұйымдастырылды.

«Әмин», «Кәусар», «Тек алға» және «Фирдаус» топтары мұсылманның 40 парызы және ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін сынады.

Нәтижесінде «Әмин», «Тек алға», «Фирдаус» топтары сәйкесінше І, ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Жүлделі орын иегерлері арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жарыстан кейін барлық шәкірттер үшін дастарқан жайылды.