blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Құрбан айт мерекесі атап өтілді

Құрбан айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында айт намазынан кейін құлшылық үйінің ауласында киіз үйлер тігіліп, 400 адамға арналып мерекелік дастарқан жайылды.