blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Құранға түскен шәкірттерге құрмет көрсетілді

Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттер үшін арнайы шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында құлшылық үйінің ұстазы Жансая Қалбекқызы араб әліпбиін аяқтап, Құранға түскен 14 шәкіртке Алланың кітабын сыйға тартып, жылы лебізін білдірді.