blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Ораза айт мерекесі кең көлемде атап өтілді

Ораза айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешіті ауқымды шара ұйымдастырды.

Мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің ауласында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді.

Сондай-ақ, құлшылық үйінің ауласына киіз үйлер тігіліп, 400 адамға арналып мерекелік дастарқан жайылды.