blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Телқожа Тайырұлы жергілікті түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Телқожа Тайырұлы «Нығметке шүкір етудің маңыздылығы» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.