blog Images

«Ар-Рахим»мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді

Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында  7 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.