blog Images

«Ар-Рахим»мешітінде 10 отбасыға«Рамазан сыйы»үлестірілді

Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.

Шара барысында мешіттің бас имамы Заир Мұхаммедюсуфұлы жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Рамазанның берекесі, сабыр мен қайырымдылықтың маңызы туралы насихат айтты. Сонымен қатар, барша мұсылмандарды сауапты істерге ұмтылып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырды.