blog Images

«Ар-Рахим» мешітінің имамы жиында баяндама жасады

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы «Имандылық асыл қасиет» атты дөңгелек үстелге қатысып баяндама жасады.

Наиб имам өз сөзінде:»Ислам дінінің негізі бес парыздан тұрады. Оны барша мұсылманмын деген адамның ең бірінші танысатын ислами ілімдерінің бірі. Олар: Иман, намаз, ораза, зекет және қажылық. Әр парыз амалдың өзіндік пайдасы бар. Алайда осы парыз амалдардың ең алғашқысы болған иман жүректе болмаса, қалғандарының орындағаннан еш пайда жоқ. Яғни иман діннің ең негізгі тірегі, тамыры іспеттес»— деді.