blog Images

«Ар-Рахим» мешітінің имамы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларымен жүздесті.

«Ислам дінінің атын жамылған деструктивті діни ағымдар» тақырыбы аясында өткен кездесу барысында Заир Мұхаммадюсуфұлы мекеме ұжымына бүгінгі таңдағы экстремистік, радикалды, деструктивті топтардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, олардың құрығына түспеу үшін дін мәселесінде мұқият болудың қажеттілігіне тоқталды.