blog Images

«Ар-Рахим» мешітінің имамы мектеп оқушыларымен кездесті

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы жергілікті №5 жалпы білім беретін мектебінде болды.

Кездесу барысында Заир Мұхаммадюсуфұлы дәстүрімізге жат ағымдардың зиянын түсіндіріп, оқушыларды ата-аналары мен ұстаздарын құрметтеуге үндеді.

Шара соңында ауыл имамы білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.