blog Images

Ар-Рахим мешітінің имамы дөңгелек үстелге қатысты

Мұнайшы ауылы Ар-Рахим мешітінің имамы Мұхаммадюсуфұлы Заир Мұнайшы ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп «Жүрекке иман ұялатқан әңгіме» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кездесу барысында рухани тәрбие, имандылық, адамгершілік құндылықтар және қоғамдағы мәдениет пен діннің өзара байланысы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.