blog Images

Ар-Рахим мешітінде тазалықшыларға құрмет көрсетілді

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Мұнайшы ауылындық «Ар-Рахим» мешітінде ауылдың тазалық қызметкерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды.

Шара барысында тазалық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Ауыл тұрғындарының игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Жиынға қатысқан ауыл әкімі тазалықшыларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, олардың еңбегінің маңыздылығына тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді.

Мешіт ұжымы да жиналған қауымға ізгі тілектерін арнап, Құрбан айттың берекесі мен қуанышы әр шаңыраққа молынан болуын тіледі. Шара соңында келген қонақтарға ақ дастарханнан дәм ұсынылып, сыйлықтар үлестірілді.