blog Images

«Ар-Рахим» мешітінде тасаттық намазы оқылды

Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде екі бас намаз оқылып, жаңбыр тілеу дұғасы жасалды.

Шара барысында құлшылық үйінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы жамағатпен бірге тасаттық намазын оқып, Жаратушы Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасады.