blog Images

Ар-Рахим мешітінде 25 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде  жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында  25 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.