Ақтау қалалық мешітінде мерекелік дастарқан жайылды
Ораза айт мерекесіне орай Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ауласына киіз үй тігіліп, жұма намазына жиналған жиналған көпшілікке арналып дастарқан жайылды.
Шара барысында Ақтау қаласының бас имамы Құрманбек Лашкарбекұлы Ораза айт мерекесінің мән-мағынасы туралы уағыз айтса, ақсақалдар дін мен дәстүр сабақтастығы туралы сөз қозғады.
«Бүгін біз үшін Ораза айт мерекесімен бірге тағы бір қуанышты оқиға орын алып отыр. Мешіт жамағаты айт күніндегі жұма намазды құрылысы жүріп жатқан жаңа мешітте оқыды. Алланың қалауымен, заманауи жаңа мешіттің құрылысы қарқынды жүріп, тұрғындарға есігін айқара ашар күн де алыс емес болар. Осы жұмыстарды белсене атқарып, жамағатқа жол тапқан мешіт қызметкерлеріне зор ризашылығымды білдіремін», деді Жұбаныш есімді қала тұрғыны.