Ақшұқыр мешітінің наиб имамы «Отбасы -қоғамның тірегі»тақырыбында насихат айтты
Ақшұқыр ауылдық мешітінің наиб имамы Хафиз Мұсаұлы Ақтау қалалық полиция басқармасында өткен отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған тағылымды жиынға қатысты.
Басқосуда мешіт наиб имамы «Отбасы – қоғамның тірегі» тақырыбында насихат айтты.
Жиынға полиция басқармасының өкілдері мен отбасылар қатысты. Кездесу барысында отбасыдағы өзара түсініспеушіліктерді реттеу жолдары, ата-ана жауапкершілігі, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі орны кеңінен сөз болды.
Наиб имам өз сөзінде отбасының берекесі – өзара сыйластық пен сабырда екенін атап өтіп, отбасыдағы қиындықтарды өзара сабырмен шешудің маңызын жеткізді. Сондай-ақ, әке – шаңырақтың қорғаны, ана – отбасының жүрегі екені айтылып, бала тәрбиесінде бірлік пен үлгінің қажеттігі түсіндірілді.
