blog Images

Ақшұқыр мешітінің бас имамы «Төрлетіңіз» бағдарламасына сұқбат берді

Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы Маңғыстау ТВ телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына қатысып, «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында  сұхбат берді.

Сұхбат барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жат діни ағымдардан сақтану, жастарға дұрыс діни білім берудің маңызы, сондай-ақ отбасы тәрбиесі мен қоғамдағы рухани жауапкершілік жайлы кеңінен сөз қозғалды.