blog Images

Ақшұқыр мешітінің ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақшұқыр ауылдық мешіті мен Құран қариларын дайындайтын оқу ғимаратының аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында аталған нысандардың ауласына бірқатар түп ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға мешіт жамағаты мен ұстаздар қатысып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

Шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жердің тазалығын сақтау және қоғамда жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.